Спорт
1 мин оқу 260
Жұқамырза Шүкірбеков Гран-при турнирінде жеңімпаз атанды
<p style="text-align: justify;">Түркияның Анталья қаласында пара дзюдодан Гран-при турнирінде Жұқамырза Шүкірбеков алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан пара дзюдо федерациясы мәлім етуінше Ж.Шүкірбеков J2 санаты бойынша 90 келіден жоғары салмақта қарсылас шыдатпаған, финалда алаң иесін ұтты.
Сондай-ақ әйелдер арасында Зарина Раифова 70 келіден жоғары салмақ бойынша J2 санаты бойынша күміс жүлде еншіледі.
Мәресіне жеткен аталған Гран-при турнирі бойынша Қазақстан құрамасы қоржынында – 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар.
Бөлісу:
