Тағзым
2 мин оқу 111

Ұлтына қызмет еткен қайраткер

<p style="text-align: justify;">Көрнекті мемлекет және қоғам қай&shy;рат&shy;кері Өмірбек Байгел&shy;дінің өмірден озуы дүйім Қазақ елі&shy;нің қабыр&shy;ғасын қайыс&shy;тыр&shy;&shy;ды. Ел ағасы ал&shy;дағы 15 сәуір күні мерей&shy;лі 85 жасқа толар еді.</p>

Ұлтына қызмет еткен қайраткер

Саналы ғұмырын мемлекет мұраты, ұлт келешегі жо­лына, туған елінің тұғы­рын биік­тетуге арнаған Өмір­бек Байгел­ді­ұлы өз аулын­да қарапайым жұмыс­шы болудан бастап, Пар­ламент Сенатының ал­ғаш­қы төрағасына дейінгі түр­лі қыз­мет жолынан өтті. Пре­зи­дент кеңесшісі, Жам­был об­лысының әкімі сияқты жа­уапты лауазымдар­ды атқар­ды. 16 жылдан астам Сенат депутаты ретінде заң шыға­ру ісіне белсене араласып, тәуелсіз мемлекетіміз­дің тарихында өз қолтаңбасын қалдырды.

Тәуелсіздікке қол жеткіз­ген жылдары Қазақ елінің алдында экономиканы на­рық­тық қатынасқа көшіру­ден бастап, қоғам дамуын заңнамалық тұрғыда қам­­та­масыз етуге дейінгі үл­кен міндеттер тұрды. Дербес мем­­лекет құру үшін әр салада білікті мамандар тап­шы болғаны белгілі. Ға­сыр­­­лар бойы армандап жет­­­кен тәуелсіздікті сақ­тап қалу үшін тар жол, тай­ғақ ке­ше жүріп, ел іргесін нығай­ту саясаткерлердің табан­­­­дылығын талап етті. Еге­­мен­­діктің елең-алаңын­дағы сол аласапыран­ның ор­та­­­сында Өмірбек Бай­гел­ді де жүрді. «Тәуел­­сіз­дік жарияланған­нан ке­йінгі күндері де түрлі эко­н­омика­лық, саяси қы­­сымдар болып тұрды. Басқасын айтпаған­да, қазақ­тың мемлекеттігіне қарсы «рубль­дің шеңберінде қалы­ңыздар, әйтпесе ел болу­ларың екіталай» деген кері пікір­лер де сырттан айтылып жатты. Сол үшін де қиын­нан қиыс­тырып жол табу­дың ар­қасын­да ғана ел тәуелсіз­дігі­нің іргетасы берік болды», деген болатын өзі де бір естелігінде.

Өмірбек Байгелді тұң­ғыш Сенат төрағасы бол­ған­да, сондай-ақ жоғарғы па­­ла­т­аның Халықаралық қа­ты­нас­тар, қорғаныс және қауіп­сіздік комитетінде Әбіш Кекілбайұлы, Әділ Ахметов, Қуаныш Сұлтанов, Оралбай Әбдікәрімов, Ғани Қасымов, Аманжол Бөлекбаев сияқты қайраткер тұлғалармен қоян-қолтық араласа еңбек етті. Оның тәрбиесі мен тәлімін көріп, тәжірибесін бойына сіңіріп, бүгінде түрлі жоғары қызметте жүрген шәкірттері де бір шоғыр. Абыз ақсақал ел үшін ең­бек етіп қана қоймай, ұлты­ның мұңын мұңдап, жо­ғын жоқтайтын жандарға қол­ұшын созудың да халық алдын­дағы перзенттік міндет екенін кейінгі ізбасарларына өсиет етуден жалықпады. Жас шенеуніктерге қарата: «Ізден, талпын, тым бол­ма­са сондай істер атқаратын­дардың, қазақтың тарихы мен мәдениетін зерттейтіндердің жағдайын жасауға қам қыл», деп ақыл-кеңес айтуы – осы сөзіміздің дәлелі.

«Өлді деуге бола ма, ай­тың­даршы, өлмейтұғын ар­тына сөз қалдырған!» деп осындайда айтса керек. Өмірбек Байгелдінің өзі дү­ние­ден кеткенімен, со­ңын­­да ұрпақ жадынан ұмы­тыл­­мас аты қалды, ұлтқа жаса­ған ерен еңбегі қалды. Ел мүд­десіне қалтқысыз қызмет еткен тұлғаның есімі тарихтан орын алып, халқымызбен бірге жасай бермек. 

Бөлісу:
Ұлтына қызмет еткен қайраткер · Egemen Qazaqstan