Спорт
1 мин оқу 230
Бокстан Қазақстан жастар құрамасының бапкері ауысты
<p style="text-align: justify;">Қайрат Сәтжанов бокстан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> qazsport-қа сілтеме жасап.</p>

54 жастағы маман осыған дейін бокстан Қазақстан ұлттық құрамасын (2021-2022), жастар құрамасын (2019-2021), жасөспірімдер құрамасын (2011-2019) жаттықтырған. Бапкер жастар құрамасында Әділ Басығараевты алмастырды.
Қайрат Сәтжановтың жетекшілігімен ұлттық құрама 2021 жылғы Әлем чемпионатында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде жеңіп алған еді.
Сондай-ақ жасөспірімдер құрамасының аға бапкері қызметіне Мақсат Оспанов тағайындалды. Ал кіші жасөспірімдер құрамасының бапкері Жақсылық Молдаханов болды.
Бөлісу:
