Ауа райы
1 мин оқу 221

Бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК болжамына сәйкес, сәрсенбі, 10 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Республика бойынша жаңбыр жауады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде жауын-шашын (қарға ауысатын жаңбыр), күндіз жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, шығыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстарында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстанның барлық аумағында тұман, желдің күшеюі, солтүстікте көктайғақ, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін.

Бөлісу:
Бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады · Egemen Qazaqstan