Экономика
1 мин оқу 110

Макроэкономикалық мүмкіндік

<p style="text-align: justify;">Ұлттық банк сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізіл&shy;ген кезекті макроэконо&shy;ми&shy;калық сауалнаманың нә&shy;тижелерін жариялады. Осы жылдың сәуір айын&shy;да мұнай баға&shy;сы бойынша сценарий шарт&shy;&shy;&shy;тары көп өзге&shy;ріске ұшыраған жоқ. Рес&shy;понденттердің медиан&shy;дық күтулері бойынша 2024 жылы Brent маркалы мұнайдың <br />1 бар&shy;релі &ndash; орташа есеппен 81 доллар, 2025 және 2026 жылдары 80 дол&shy;лар деңгейінде қалып&shy;тасады.</p>

Макроэкономикалық мүмкіндік

Ел экономикасының өсі­міне қатысты 2024 және 2025 жылдарға арналған болжам 4,5% және 5% деңгейінде сақ­­талып отыр. 2026 жылға ар­налған болжам 4,5%-дан 4,7%-ға дейін біршама өсті.

2024 жылға арналған ин­фляцияға қатысты болжам көп өзгермей, 8,4% болды (алдыңғы болжам – 8,5%). 2025 жылға арналған болжам – 6,5%-дан 7%-ға дейін, 2026 жылға болжам 5,7%-дан 6%-ға дейін өсу жағына қарай қайта қаралды.

Сонымен қатар сарапшылар барлық болжамды кезеңде базалық мөлшерлемені жоға­рырақ деңгейде күтеді. 2024 жылға арналған күтулер – 13,8%-дан 14%-ға дейін, 2025 жылға – 10,5%-дан 11,2%-ға дейін, 2026 жылға 9%-дан 9,8%-ға өсті.

Сауалнамаға ел аумағында макроэкономикалық көрсет­кіш­терді талдаумен және болжаумен айналысатын 11 ұйым қатысты. Респонденттердің қата­­рына нарықтың кәсіби қаты­су­шылары, зерттеу институтта­ры, халықаралық ұйымдар мен рейтингтік агенттіктер кіреді.

Бөлісу:
Макроэкономикалық мүмкіндік · Egemen Qazaqstan