Қоғам
1 мин оқу 130

Ұлттық ұланның 2700-ден астам жауынгері су басқан өңірлерде жүр

<p style="text-align: justify;">Ұлттық ұланның 2700-ден астам жауынгері, 120 техникасы және авиа транспорттары су басқан барлық өңірлерде белсенді көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап.</p>

Ұлттық ұланның 2700-ден астам жауынгері су басқан өңірлерде жүр

Олар су басқан кенттер мен қалаларда патрульдеу арқылы тұрғындардың жеке мүліктерін қорғауды қамтамасыз ету, жағалауды нығайту, тасқын болған елді мекендерде суды бұру, каналдарды тазарту және адамдарды, жануарларды қауіпсіз жерлерге эвакуациялау жұмыстарына атсалысып жатыр. 

Құқықтық тәртіп әскерлерінің әскери қызметшілері жалпы ұзындығы 10 шақырымнан асатын арықтарды тазартып, инертті материалдары бар 233 мыңнан астам қапшық дайындаған.

Бөлісу: