Қоғам
1 мин оқу 210
Бес облыста көлік қозғалысы шектелді
<p style="text-align: justify;">«ҚазАвтожол» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жағдай туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

16 сәуірдегі сағат 9:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыстың (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 6850 метр болатын су тасқыны болды.
5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында (ұзындығы 411 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
Республикалық жолдарда 534 техника мен 1134 адам жұмыс істеп жүр.
Бөлісу:
