Жәдігер
1 мин оқу 152

Теміржол тарихының шежіресі

<p style="text-align: justify;">Алматыдағы теміржол көлігі музейіне жолыңыз түсе қалса, шойынжол тарихынан сыр шертетін талай құнды жәдігер алдыңыздан шығады. Мұнда 5 000-нан астам экспонат бар. Әсіресе теміржолшылардың бірнеше буынын қалыптастырған Түркістан-Сібір магистралінің құрылысына пайдаланылған бұйымдар бірден назарыңызды аударады.</p>

Теміржол тарихының шежіресі

«Қазақстан теміржолдарының тарихы» атты электрлі картада төңкеріске дейінгі кезеңнен бастап қазіргі уақытқа дейінгі теміржолдың қалай салынғаны көрініс тапқан. Залдың қақ ортасында «Достық», «Алашанькоу» халықаралық же­лісіне, Тұрар Рысқұлов пен Мұха­метжан Тынышбаевқа арналған төрт турникет орналасқан. Бұдан бөлек, экспозициядан ел аумағындағы теміржол бекеттерінің ашылу барысынан хабар беретін шой-шеге, кілт, балға, рельстік қосылыс сияқты бұйымдардың сандаған түрін кездестіруге болады.

«Жібек жолы» залының қабыр­ға­сында еліміздің қалып­тасуының өлкетану көрінісі, теміржол көлігінің пайда болуы, ежелгі Жібек жолы тарихы кезең-кезеңімен көрі­ніс тапқан. Күмістен күптелген зергерлік бұйымдар, тұр­мыс­тық құрал-жабдықтардың жабындық­та­ры, сирек кездесетін фотосуреттер сала тари­хын тереңнен тануға шақырады.

– Музей алғаш есік ашқан күннен бастап 50 мыңнан астам азамат мұнда бас сұғып, маңызды жәдігерлермен танысты. Музейге тек қала тұрғындары, студенттер мен оқушылар ғана емес, шет­­елдік туристер де көп келеді. Се­бебі теміржол тарихы өткен күн­дер­дің талай кезеңдерімен өзара са­бақтасып жатыр. Еліміздің теміржол көлігінің рөлін насихаттаудың бірегей орталығы саналатын біздің музей тарихқа қызығушылық танытатын  келушілерін қуана қарсы алады, – дейді музей мамандары.

Елімізде шойынжол барлық жүк тасы­малы айналымының 70 пайызын, ал жолаушы тасымалының 34 пайызын қам­тып отыр. Көршілес мемлекеттермен барлығы 16 теміржол торабы байланыс­тыра­­тын Қазақстан теміржолының жал­­пы ұзын­дығы 15 мың шақырымнан асады.

АЛМАТЫ 

Бөлісу:
Теміржол тарихының шежіресі · Egemen Qazaqstan