Оқиға
1 мин оқу 653

Миы шайқалған: Астанада оқушы мектеп терезесінен секіріп кетті

<p style="text-align: justify;">Дәрігерлер оқушының миы шайқалып, оң жақ білегі мен оң аяғы сынғанын хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Миы шайқалған: Астанада оқушы мектеп терезесінен секіріп кетті

Оқиға Астана қаласының №72 мектеп-лицейінде болған. Оқушы мектеп ғимаратының 4-қабатынан секіріп кетті. Дене жарақаттарын алған бала дереу ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, оқушының жағдайы ауыр. 

«Зардап шеккен баланың миы шайқалған, одан бөлек кеудесі мен іші жарақаттанған, оң жақ білегі мен оң аяғы сынған. Дәрігерлер оның жағдайын мұқият бақылап отыр», деді қалалық білім және денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Қалалық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғап, оқыс оқиғаға не түрткі болғанын анықтап жатыр.

Бөлісу:
Миы шайқалған: Астанада оқушы мектеп терезесінен секіріп кетті · Egemen Qazaqstan