Өнер
2 мин оқу 160

Жан тыныштығын қылқаламнан тапқан

<p style="text-align: justify;">Қостанайдағы облыстық тарихи-өлкетану музейі&shy;нің&shy; бей&shy;&shy;не&shy;леу өнері залында ауыл&shy;ша&shy;руашылық ғылым&shy;да&shy;ры&shy;ның кан&shy;ди&shy;даты, әуесқой суретші Николай Стешин&shy;нің шы&shy;ғар&shy;&shy;ма&shy;шы&shy;лы&shy;ғын арқау еткен &laquo;Аңшы&shy;ның әңгімесі&raquo; ат&shy;ты&shy; көрме ашылды.</p>

Жан тыныштығын қылқаламнан тапқан

Тобыл қаласының тұр­­ғы­­ны Ни­ко­­лай Сте­шин­ көп жыл бо­йы­ Са­ры­­көл ауданының ауыл ша­­руа­­шы­лығы саласында кәсіби ға­­лым-агроном болып қызмет ет­кен.­ Кейін осы ауданға қарасты «Маяк»­ кең­шарын, одан соң қазір­гі Бейім­бет Майлин ауданын бас­­қа­­ра­ды. Еңбек ардагері қазір құр­метті зейнет демалысында.

см

2017 жылы Николай Василье­вич сал ауруына ұшы­рап, оң жақ денесі түгел қозғалмай жатып қалады. Ауыр сырқатқа, терең уайым­ға бой алдырғысы келмеген қажырлы зейнеткер осы кезеңнен бастап қылқалам ұстап, бейнелеу өнерін алданыш еткен. Оң қолы қозғалмай қалған­дықтан сол қолымен сурет салып үйренеді. Содан бері жеті жыл бойы үзбей сурет салып, қылқаламнан жан ты­ныш­тығын тапқан әуесқой сурет­шінің бірталай туындысы бейнелеу өнеріне біртабан жақын қалың көрерменге жол тар­тып отыр. Автор өзінің «Қан­сонар», «Аңшы», «Қайыңдар», «Көк­жалдар», «Аюмен бетпе-бет», «Қасқыр алу», «Жаңғалақ аңшы», «Ауыл», «Зират шетін­дегі сәкі» атты туындыларына туған жердің әсем табиғатын, аңшылық өнері туралы өзі басынан кешірген, естіген, көрген оқиғаларды арқау еткен.

см

«Мен өткен өмірімді ой тара­зы­­сынан өткізіп ойланып жатамын да, сол сәтте есіме түскен қы­зық бір оқиғаны кенеп бетіне тү­сіруге кірісемін. Менің туындыларым – жүрегімнен, жанымнан шыққан есте­ліктерім. Өмір бойы ауыл шаруа­шылығы саласында тер төктім. Шынымды айтсам, ауыр дерт меңдегенге дейін өнерден алыстау жүрген адаммын. Аз-кем еңбегімді жоғары бағалап, облыс орталығындағы мәдениет ордасына орналастырып, көпшілікке көрсетіп жатқан музей қызметкерлерінің ыстық ілтипатына рахмет айтамын», дейді еңбек ардагері.

Көрменің ашылу рәсіміне қа­тыс­қан Георгий Соков, Нико­лай Тор­шин, Сергей Луго­вой, Вадим Бы­ков тәрізді кәсіби қылқалам ше­­берлері автор туын­дыларының та­қырыптық аясы кең, көпқырлы еке­ніне тоқталып, жоғары баға бер­ді.

Қостанай облысы 

Бөлісу:
Жан тыныштығын қылқаламнан тапқан · Egemen Qazaqstan