Медицина
1 мин оқу 125

Екі баланы аман алып қалды

<p style="text-align: justify;">Қос балдырғанның өмі&shy;рін сақтап қалған дәрігер&shy;лердің біліктілігіне же&shy;ті&shy;сулықтар разы. Көпса&shy;лалы облыстық балалар ауруханасына үш жа&shy;сар екі бала әртүрлі дене жарақатымен түс&shy;кен. Бірі төртінші қабат&shy;тан құлап, ауыр жара&shy;қат алса, екіншісі септикке түсіп кеткен. Маман&shy;дар шұғыл әрекет етіп, дер кезінде бірлесе көмек көрсеткеннің нәтижесін&shy;де балаларды аман алып қалды.</p>

Екі баланы аман алып қалды

Өлім аузында жатқан кіш­кентай науқастарды көргенде ақ желеңділердің абдырап қал­ғаны рас, әйткенмен дереу медициналық көмек көрсетуге ұмтылады. Есінен танып, тыныс ала алмай жатқан балаларды ауруханаға уақытында жеткізеді.

«Төртінші қабаттан құлаған баланың миы шайқалып, тө­менгі жақ сүйегі сынған. Сон­дай-ақ кеуде қуысы, іші жара­қаттанған. Балаға қажетті көмек көрсетілгеннен кейін жан­сақтау бөліміне жатқыздық. Қазіргі уақытта науқас хирургия бөлімінде толықтай ем қабылдап, үйіне шығарылды», дейді көпсалалы облыстық балалар ауруханасының директоры Қайрат Оспагалиев.

Сонымен қатар аталған аурухана­ның бас дәрігері септикке құлаған баланы құтқару кезінде оның ес-түссіз күйде болғанын айтады.

«Оқиға орнына дер кезінде жет­кен төтенше жағдай қыз­меті мен жедел жәрдем қызмет­керлері бала­ға алғашқы медици­налық көмек көрсетіп, жүрек-өкпе реанимациясын сәтті өткізді. Бала септикте 10-15 минуттай болған. Ауруханада реаниматолог, травматолог, хирург және педиатр мамандардың тек­серуінен өткеннен кейін бала жансақтау бөлімінде ем қабыл­дады. Жағдайы тұрақтан­ған­нан кейін хирургия бөліміне ауыс­тырылды. Бүгінде бала қанағат­танарлық жағдайда ауруханадан шығарылды», деді дәрігер.

Мамандардың айтуынша, өңір­де кейінгі үш айда 1 371 бала об­лыстық балалар ауруханасына дене жарақатымен түскен. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны 1 029-ды құрап отыр. Сондықтан дәрі­герлер ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақы­рады. Өйткені көптеген келең­сіз жағдай ата-анасының қарауын­сыз қалған кезде болады.

Жетісу облысы 

Бөлісу:
Екі баланы аман алып қалды · Egemen Qazaqstan