Ауа райы
1 мин оқу 154
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 19 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы болады, тек еліміздің солтүстігінде және шығысында, күндіз оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, шығыста, оңтүстікте найзағайлы жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
Ел бойынша жел күшейіп, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік-батыста, шығыста және орталықта тұман түседі.
Бөлісу:
