Пікір
1 мин оқу 191

Өркениетті қоғам құру жолында

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының әйел құқығы мен бала қауіпсіздігін қам&shy;тамасыз ететін заңдарға қол қойғаны жөніндегі хабарды қуаныш&shy;пен қарсы алдым. Заңдарға әйел мен балаға қатысты кез келген сипат&shy;тағы зорлық-зомбылық үшін жауап&shy;кер&shy;шілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәме&shy;летке толмағандардың қауіп&shy;сіз&shy;дігін нығайтатын нормалар енгізіл&shy;ген.</p>

Өркениетті қоғам құру жолында

«Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген сөз босқа айтылмаған. Отбасындағы ынтымақ-бірлік пен жарасымды тіршілік әйелге тікелей байланысты. Қай үйде әйел өзін жайлы, бақытты сезінсе, үнемі күліп-ойнап, көтеріңкі көңіл-күймен жүрсе, өміріне риза болса, сол үйде жарасымдылық та, молшылық та, бақ-береке де тұрақтайды. Ондай үйдің ер-азаматы әрқашан табысты болып, тәрбиелеп өсірген ұл-қыздары да жақсы адам болып өседі. Сол сияқты қай елде әйелдің құқығы толық қорғалып, гендерлік теңдік салтанат құрса, сол елдің мәдениеті кемелденіп, ғылым-білім, технология мен өнеркәсібі алға басып, экономикасы қуатты, қоғамы тұрақты болып жатыр.

Сол себепті Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қабылданып отырған заң елімізде гендерлік теңдіктің нығаюына және отбасылық зорлық-зомбылықтың тыйылуына әсер етеді деп сенемін. Түптеп келгенде бұл құжаттың қабылдануы Қазақстанды адам құқығы толық қорғалатын, қауіпсіз, өркениетті елге айналдыру жолындағы маңызды қадам болмақ.

Гүлжаһан САЙЛАУҚЫЗЫ,

педагог

Бөлісу: