Спорт
1 мин оқу 250
Олимпиадаға іріктеу: Әлішер Ерғали жолдамаға жақындай түсті
<p style="text-align: justify;">Қырғызстан астанасы Бішкекте күрес түрлерінен Олимпиада жолдамасы сарапқа салынатын лицензиялық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Оlympic.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Бүгін боз кілемге шыққан отандасымыз Әлішер Ерғали алғашқы айналымнан сүрінбей өтті. Ол 97 келі салмақта күш сынасты.
Әлішер қырғыз балуаны Андрей Ароновты 10:0 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Енді оның жартылай финалдағы қарсыласы - қытайлық Хабила.
Сондай-ақ 19 сәуірде 65 келі салмақта сынға түскен тағы бір ел спортшысы Маис Алиев 1/4 айналымда қытайлық Шао Юаньға есе жіберді.
Бөлісу:
