Оқиға
1 мин оқу 180
Жараланған полицей қарулы адамды ұстады

Алматы облысында полиция қызметкері қарулы адамды ұстады. Шақырту бойынша келген полицейге агрессор оқ атып үлгерген, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға 17 сәуір күні Алматы облысындағы елді мекендердің бірінде болған.
Тәртіп сақшысы жараланғанына қарамастан қарулы адамды қолға түсіре алды.
«Ұсталған адам мас күйде болған. Күдіктінің іс-әрекетінде құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғуды көздейтін қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар деп танылды», делінген полиция басқармасының хабарламасында.
Қазір осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бөлісу: