Саясат
1 мин оқу 152

Ұлттық ғарыш орталығында болды

<p style="text-align: justify;">Қырғыз Республикасының Прези&shy;денті Садыр Жапаров Қазақстан Респуб&shy;ликасына ресми сапары барысында &laquo;Қазақстан ғарыш сапары&raquo; ұлттық ғарыш орталығына барды.</p>

Ұлттық ғарыш орталығында болды

Сапар барысында Қазақстанның ғарыш­тық жетістіктері мен ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің жұмысымен танысты.

Отандық мамандар ғарыш монито­рингі саласындағы жобалар туралы айтып, ғарыш аппараттарды құрастыру кезеңдері мен шығарылатын компоненттердің үлгілерін ұсынды. Сонымен қатар ға­рыш­қа ұшыру алдында спутниктерді сы­нақтан өткізу жұ­мыстары жүргізілетін аумақтарды да аралап көрді.

Орталыққа барған сапарында Қыр­ғызстан басшысы Садыр Жапаровпен бірге Премьер-министр Олжас Бектенов жүрді. Сондай-ақ екі ел арасындағы ғарыш саласындағы серіктестікке де назар аударылды.

Бөлісу:
Ұлттық ғарыш орталығында болды · Egemen Qazaqstan