Ауа райы
1 мин оқу 2,692

Қазақстанға аяз қайта оралады - синоптиктер

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК синоптиктері 23, 24 және 25 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Қазақстанға аяз қайта оралады - синоптиктер

Метеорологтардың мәліметінше, республиканың басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

25 сәуірде еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Тек апта басында ғана антициклонның ықпалымен еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ел бойынша екпінді жел, бұршақ күтіледі.

«Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында арктикалық ауа массаларының басып кіруі әсерінен ауа температурасының түнде 1-8 градус аязға дейін, күндіз 3-13 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Орталықта түнде 0-5 градус аяз, күндіз 5-15 градус жылы болады», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қазақстанға аяз қайта оралады - синоптиктер · Egemen Qazaqstan