Есірткі
1 мин оқу 185

Өскеменде есірткі жарнамалаған ерлі-зайыптылар ұсталды

<p style="text-align: justify;">ШҚО полицейлері жедел-іздестіру жұмыстары барысында есірткі жарнамалады деген күдікке ілінген ерлі-зайыптыларды ұстады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өскеменде есірткі жарнамалаған ерлі-зайыптылар ұсталды

Олар Өскеменде есірткі затын сатумен айналысатын сайттардың қағаздарын жапсырумен айналысқан.

Жедел уәкілдер күдіктілерді қылмыс орнынан ұстаған. Заттай дәлел ретінде 41 жастағы ер адам мен оның 28 жастағы жұбайынан есірткі жарнамасының жапсырмалары тәркіленген.

Күдіктілердің айтуынша, олар бұл қағаздар арқылы есірткі заттарын жарнамалағандары туралы білмеген. Әйел адам бұл «тапсырманы» жұмыс берушіден алғанын, ол оған брошюраларды қала бойынша жапсыру керек екенін түсіндірген. Келіншек бұл жұмысқа өзінің күйеуін де тартқан.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын тұтынуға көндіргені үшін қылмыстық іс қозғалды.

Айыбы дәлелденген жағдайда ерлі-зайыптылар төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бөлісу:
Өскеменде есірткі жарнамалаған ерлі-зайыптылар ұсталды · Egemen Qazaqstan