Пікір
1 мин оқу 182

Жаңа Доктрина және үйлесім

<p style="text-align: justify;">Ассамблея жұмысын еліміздің жаңа гуманитарлық идеологиялық доктринасымен үйлестіру қажет. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында айтты.</p>

Жаңа Доктрина және үйлесім

«Біз Құрылтайдың Атыраудағы отырысында негізгі идеологиялық тұжырымдарды жинақтап, жүйелеп алдық. Жалпыға ортақ құндылықтарды айқындадық.

Бұл – ең алдымен, Тәуелсіздік және Отаншылдық.

Одан кейін – Бірлік және Ынтымақ.

Келесі – Әділдік пен Жауапкершілік.

Сондай-ақ – Заң және Тәртіп.

Бұдан соң – Еңбекқорлық пен Кәсібилік.

Және – Жасампаздық пен Жаңашылдық.

Бұл – біздің саясат пен экономикадан бастап, білім мен мәдениетке дейінгі барлық саладағы бағыт-бағдарымыз. Мұның бәрі халқымыздың азаматтық бірегейлігін нығайтады», деді Мемлекет басшысы.

Нұртөре ЖҮСІП,

Сенат депутаты

Бөлісу:
Жаңа Доктрина және үйлесім · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар