Қоғам
1 мин оқу 140

Керек дерек

<p style="text-align: justify;">Су тасқыны салдарынан келген шығындарды өтеуге &laquo;eGov mobile&raquo; қосымшасы арқылы өтініш беруге болады. Өтінімдерді қабылдау қызметі су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі барлық азаматқа қолжетімді.</p>

Керек дерек

Жаңа сервисті пайдалану­ үшін азаматтарға «eGov mobile» қосымшасының бас­ты­ бетіне өтіп, тиісті батырманы таңдау жеткілікті. Бұл қызметті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрлігімен және Ұлт­тық ақпараттық технологиялар акционерлік қоғамымен бірлесіп әзірледі.

Егер өтінім қағаз түрінде берілген болса, оны қайта жіберудің қажеті жоқ. Өйткені бір рет жіберілген ақпарат авто­матты түрде есепке алынады. Қазіргі таңда министрлік гуманитарлық көмек тасымалдайтын дрондарды іске қосып жатыр. Америкадан жет­кізілген 3 дрон су тас­қынынан зардап шеккен ай­мақтарға гуманитарлық кө­мек тасымалдайды. «ARC Drones құрылғылары Аты­рау қаласында және Тө­тен­ше жағдай министрлігі қыз­мет­керлерімен бірлесіп ең шал­ғай және жеткізу қиындық ту­ғы­затын жерлерге азық-түлік, дәрі-дәрмек пен басқа да өмір­лік маңызды материалдық құ­рал­дарды шұғыл тасымалдау жұ­мыстарына кірісуге дайын»,­ деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Бөлісу:
Керек дерек · Egemen Qazaqstan