Аймақтар
1 мин оқу 130

10 адам газға тұншыққан

<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Антоновка ауылында ата-анасымен бірге кәмелетке толмаған сегіз бала шаланың газына тұншыққан.</p>

10 адам газға тұншыққан

Үй иесі толық жанып болмаған пешті ішінде отынның шаласы қалғанына қарамай жауып тастаған.

Отбасының бұл үйге түскеніне бар-жоғы екі-ақ күн болған көрінеді. Әйтеуір, адамдар аман, бәрі де орталық аудандық ауруханада жатыр.

Өрт сөндіру қызметі бұл үйге пешті қауіпсіз пайдалану туралы жадынаманы бұрын тапсырған көрінеді.

Солтүстік Қазақстан облысы  

Бөлісу:
10 адам газға тұншыққан · Egemen Qazaqstan