Пікір
1 мин оқу 213

Шексіз құрметтің белгісі

<p style="text-align: justify;">Кеше Мемлекет басшысы Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген &laquo;Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалар туралы заңына өзгерістер енгізу туралы&raquo; заңға қол қойды. Бұл &ndash; Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды жүзеге асыру аясында қабылданған үшінші заң. Бұдан бұрын вейптерге тыйым салу және әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселесіне қатысты заңға қол қойылды.</p>

Шексіз құрметтің белгісі

Енгізілген түзетулерге сәйкес «Айбын» орденінің дәрежелеріне аты аңызға айналған батырларымыз – Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімін беру көзделген. 

Мемлекеттік наградаларды атақты тұлғалардың атымен атау тәжірибесі көптеген елде бар. Мұндай қадам халық қаһар­мандарының есімін ұлықтауға, жалпыұлттық бірлікті нығайтуға және отаншылдық сезімді оятуға зор үлес қосады. 

Атырауда өткен Ұлттық Құрыл­тай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбын» ордені­нің дәрежелеріне ұлт батыр­ларының есімін беруді ұсын­ды. Сондай-ақ Президент Талды­қорғандағы әскери авиабазаға Кеңес Одағының екі мәрте батыры Сергей Луганскийдің есімін беру туралы мәселе көтерді. Бұл ­бас­тамалар келесі жылы 80 жыл­дығы атап өтілетін ортақ жеңіске өлшеусіз үлес қосқан соғыс және еңбек ардагерлеріне жасалған шексіз құрметтің белгісі.

Ерлан ҚАРИН,

Мемлекеттік кеңесші

Бөлісу:
Шексіз құрметтің белгісі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар