Атырауда Жайық өзені тағы да көтерілді
<p style="text-align: justify;">Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді. Бұл туралы <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://atpress.kz/kk/news/ekologiya/27-s-uirdegi-zhajyk-zenindegi-su-de-geji-turaly-zhedel-m-limet">AtyrauPress</a>-ке сілтеме жасап хабарлайды.</p>

Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі – 626 см, деңгейдің +13 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 403 см құрайды.
Жайық өзені – Махамбет кентінің гидропостындағы деңгейі 735 см, деңгейдің тәулігіне +7 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 418 см құрайды.
Жайық өзені – Атырау қаласының гидропостындағы деңгейі 431см, тәулігіне + 3см деңгейдің көтерілуі. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 240 см құрайды.
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі.
«27 сәуірде Иректі су қоймасынан ағызу 192 м3 / с құрайды», делінген хабарламада.
