Лицензиялық турнир: грек-рим күресінен екі балуан бақ сынайды
<p style="text-align: justify;">Стамбұлда күрес түрлерінен өтетін олимпиадалық іріктеу турнирінде Қазақстан сапынан бақ сынайтын екі балуанның есімі анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Дүбірлі додаға 67 келідегі салмақта Дінмұхаммед Қошқар және 97 келіде Юсуф Мациев қатысады. Бұл туралы Kaz_wrestling телеграм-арнасынан мәлім болды.
Париж Олимпиадасына жолдама үлестіретін әлемдік іріктеу бәсекесі мамыр айының 9-12 күндері өтеді. Аталған жарысқа еліміздің грек-рим, еркін және әйелдер күресі құрамалары қатысады.
Айта кетсек, әзірге ұлттық құрамада 4 жолдама бар: бұған дейін грек-рим күресі балуандары Бішкекте өткен Азия аймақтық іріктеу турнирінде 3 жолдамаға ие болған. Жолдамаға Айдос Сұлтанғали (60 келі), Демеу Жадыраев (77 келі), Әлімхан Сыздықов (130 келі) қол жеткізген. Сондай-ақ 2023 жылғы әлем чемпионатында Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) жолдама жеңіп алған еді.
