Талбесік
1 мин оқу 111

Туған қаласына ағаш сыйлады

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысында жаппай ағаш отыр&shy;ғызу акциясына мем&shy;лекеттік ор&shy;гандар қыз&shy;мет&shy;керлері, об&shy;лыстық және қалалық мәс&shy;&shy;лихат депутаттары, кә&shy;сіпкерлер, ЖОО оқы&shy;ту&shy;шылары мен студ&shy;ент&shy;тері, ірі кәсіп&shy;орын&shy;дар ұжы&shy;мы қа&shy;тысып, бір күнде 7 мың кө&shy;шет екті.</p>

Туған қаласына ағаш сыйлады

«Жасыл ел» жастар еңбек жаса­ғының мүшелері «Туған қа­лаңа ағаш сыйла!» акциясы аясында «Триатлон» саябағында 60 жас терек отырғызса, «Ана­ға тағзым» орталығының айналасына құрылыс компаниялары 25 шырша, Алтын орда шағын ауданындағы Мұстафа Шоқай және Халел Досмұхамедов атындағы көшелердің бойына облыстық басқармалар мен қалалық бөлімдердің қызмет­кер­лері 650 тұт ағашын отыр­ғызды.

Сенбілік жексенбіде де жалға­сып, облыстық соттың судья­лары мен департамент қыз­меткерлері ғимарат жанындағы гүлбақтарды қоқыстан тазартып, арық-атыздарды ретке келтірді. Бұл күндері аудан тұр­ғындары да көгалдандыру жұ­мыстарына ерекше ынтамен кірісті. Мәсе­лен, Шалқар ауданының орта­лығында 20 гектар аумаққа ағаш кө­шеттері отырғызылып, Екінші дүние­жүзілік соғыстың май­дан­гері І.Үргенішбаев ес­керт­кішінің айналасы абаттандырылды. Қобда аудандық ардагер­лер кеңесінің мүшелері ағаш отыр­ғызу акциясында жастар­ға үлгі болды. Ақтөбелік дәрігерлер мен кіші медицина қызметкерлері ауруханалар мен емдеу мекемелерінің ауласына 1 500 көшет отырғызды. Жалпы, сәуірдің соңғы онкүндігінен бері Ақтөбе қаласындағы көпірлер, белгілер, қоршаулар, аялдамалар, ескерткіштер шаң-қоқыстан тазартылып, жуылды.

Ақтөбе облысы 

Бөлісу:
Туған қаласына ағаш сыйлады · Egemen Qazaqstan