Теннис
1 мин оқу 203

Рыбакина Путинцеваны жеңіп, Мадридтегі турнирдің жартылай финалына шықты

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші, екінші ракеткалары Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Мадридтегі WTA 1000 турнирінде ойнады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Рыбакина Путинцеваны жеңіп, Мадридтегі турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстан теннисшілері бір-біріне қарсы матч өткізді.

Елена Рыбакина Юлия Путинцеваны 4:6, 7:6(4), 7:5 есебімен жеңді. 

3 сағатқа жуық уақытқа созылған матч кезінде Елена Рыбакина алты эйс пен сегіз қос қателік жасады. 12 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдалана білді. Ал Юлия Путинцева екі қос қателік жіберіп, 10 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.

Енді Рыбакина жартылай финалда Беларусь теннисшісі Арина Соболенко мен ресейлік 17 жастағы Мирра Андрееваның қай жеңгенімен кездеседі. 

Бөлісу:
Рыбакина Путинцеваны жеңіп, Мадридтегі турнирдің жартылай финалына шықты · Egemen Qazaqstan