Қылмыс
1 мин оқу 220

Жамбыл облысында оқушы мектеп ауласындағы әжетханада көз жұмды

<p>Жамбыл облысы Байзақ ауданы Құмжота ауылындағы мектепте қайғылы оқиға болды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жамбыл облысында оқушы мектеп ауласындағы әжетханада көз жұмды

Мектептің 8-сынып оқушысы қаза тапты. Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқушының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

«Күдікті – кәмелетке толмаған бала уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ мектеп басшылығы мен оқытушы құрамға қатысты балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайды», - делінген полиция хабарламасында.

Бөлісу:
Жамбыл облысында оқушы мектеп ауласындағы әжетханада көз жұмды · Egemen Qazaqstan