Медицина
1 мин оқу 6,550

Қазақстанда кімдер тісін тегін емдете алады?

<p style="text-align: justify;">Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру негізінде ел азаматтары тісін тегін емдете алады. Ол үшін тұрғын шартта көрсетілген санаттың біріне сай келу керек, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://kz.otyrar.kz/2024/04/mams-esebinen-stomatologi%d1%8flyq-qyzmet-turlerin-alwga-bolady/">kz.otyrar.kz</a>-ке сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Қазақстанда кімдер тісін тегін емдете алады?

МӘМС арқылы тісін тегін емдете алатын азаматтар санаты: 

  • Балалар; (Шұғыл жағдайда 18 жасқа дейінгі балалар)
  • Жүкті әйелдер;
  • Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері;
  • 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
  • Атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен зейнеткерлер;
  • Жұқпалы, әлеуметтік маңызы бар аурулармен және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын науқастар;
  • Ерекше баланы күтуді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар; бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін азаматтар жоспарлы стоматологиялық көмекті ақысыз ала алады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру есебінен көрсетілетін стоматологиялық емдеу шаралары бекітілген. Олар:

  • Тұрақты тексерулер, профилактикалық процедуралар, тісжегіні емдеу, химиялық қатайтылған композиттік материалдардан жасалған пломбаны дайындау және салу.

Аталған жүйе бойынша әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың 6-12 жас аралығындағы балалар ортодонтиялық емді де ақысыз түрде алуға мүмкіндігі бар.

Бөлісу:
Қазақстанда кімдер тісін тегін емдете алады? · Egemen Qazaqstan