Таным
1 мин оқу 105

Нобель алған қарындаш

<p style="text-align: justify;">Ғабит Мүсірепов әйгілі &laquo;Қыз Жібек&raquo; фильмінің сценарийін қарындашпен жазып шыққаны әмбеге аян. Қадыр ақын да өлеңдерін қарындашпен жазғанын білеміз. &laquo;Өйткені өте ыңғайлы, тұрып та, отырып та, жатып та жаза беремін&raquo;, дейтін өзі. Сол сияқты Джон Стейнбек те шығармаларының алғашқы нұсқасын қарындашпен жазатын.</p>

Нобель алған қарындаш

Жұмыс істер алдында ол ондаған жақ­сы ұшталған қа­рындашын сайлап қояды. Автор қарындаш таңдауда да мұқият болды: ол тек Blackwing өнімін қолданатын. Осы­лайша, таңдалып, тал­ға­нып алынған қаламнан ту­ған жазу­лар авторға Нобель, Пу­лит­цер сый­лықтарын алып берді.

Қалам демекші, Шерхан Мұртаза кәдімгі шарлы қа­ламмен жазған. Түні бойы қолмен жаза отырып, бір жаз­ғанын еш өзгертусіз ма­шин­каға жіберуге тырысқан. Ал Тынымбай Нұрмағамбетов үйренген автоқаламын сын­­ғанша қолынан тастамай, ішін ғана ауыстырып оты­ра­ды. «Мен тек авто­қаламмен жа­замын. Жазуды бастағалы бері авто­қаламымды екі-ақ рет, асып кетсе, үш рет ауыс­ты­рыппын. Қырық жылға жуық уақыт ішін­де ұс­та­­ғаным – үш-ақ қалам. Сен­сеңіз де, сенбесеңіз де осы. Ырым. Сенім», дейді ол.

Бөлісу:
Нобель алған қарындаш · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар