Жарнама
 
Спорт
1 мин оқу 171

Қазақстан құрамасы – қола жүлдегер

<p style="text-align: justify;">Малайзияның Патраджайя қаласында маунтинбайктан Азия чемпионаты басталды.</p>

Қазақстан құрамасы –  қола жүлдегер

Жарыстың алғашқы күні кросс-кантри эстафетада ел құрамасы үздік үштікті түйін­деді. Мәре сызығын бірінші бо­лып Қытай командасы кессе, Индонезия күміс, Қазақстан қола жүлдегер атанды.

Туризм және спорт ми­нис­­трлігі Спортты дамыту ди­рек­циясының баспасөз қызметі хабарлағандай, біздің команда құрамында Ілияс Рахимов, Денис Сергиенко, Алина Сарқұлова, Никита Галкин, Мадина Жұр­ты­баева, Евгения Заам сынға түсті.

Бұл бағдарламада барлығы 8  құрама жарыс жолына шықты. Сары құрлық бәсекесі 12 мамырда аяқталады.

Бөлісу:
Қазақстан құрамасы – қола жүлдегер · Egemen Qazaqstan