Шымбұлақта жағдайы нашарлаған туристке құтқарушылар көмекке келді
<p style="text-align: justify;">Демалыс күні 3 адаммен бірге 3450 метр биіктікке шыққан турист қыздың жағдайы күрт нашарлап, оны жерге түсіру үшін құтқарушылардың көмегі қажет болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Оқиға Іле Алатауындағы Шымбұлақ курортында болған. Турист қыздың жағдайы нашарлаған соң жанындағы адамдар құтқару қызметіне жүгінді.
«9 мамыр күні 4 адамнан тұратын туристер тобы Шымбұлақ шыңына (3450 м) шыққан.
Жоғарғы жаққа шыққан соң қыздың халі нашарлап, ол өздігінен түсе алмаған. Көмек көрсету үшін оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, оның ішінде кинологиялық есеп жіберілді», деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Құтқарушылар екі бойжеткенді Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырған.
