Жайық өзенінде су 5 күн қатарынан көтеріліп жатыр
<p style="text-align: justify;">Атырау облысында Жайықтағы су деңгейі 5 күн қатарынан көтеріліп жатыр. Аймақта қорғаныс бөгеттері тұрғызыла бастады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары тәулік бойы Қорғаныс құрылыстарының жай-күйіне мониторинг жүргізіп жатыр.
ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов Жайық өзенінің ағысымен Каспийге қарай төмен түсіп, қорғаныс бөгендерін көзбен шолып тексерді.
Кейінгі 5 күн ішінде аймаққа су келу қарқыны жоғарылаған.
«Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторинг деректері бойынша 12 мамыр сағат 09:00-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі:
Атырау - 538 см. Тәулігіне + 5 см.
Индербор ауданы - 1033 см. Тәулігіне +7 см.
Махамбет ауданы - 955 см. Тәулігіне +16 см.
«Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет су бекеттерінде деңгей шектік белгіден асып түсті. Су одан әрі көтеріледі деп болжанып отыр», делінген ТЖМ хабарламасында.
