Энергетика
1 мин оқу 182

Қазақстанда бензин мен дизельге тәуліктік лимит енгізіледі

<p>Қазақстанда 17 мамырдан бастап шетел азаматтары үшін бензин мен дизель отынына жаңа бөлшек сауда бағасы енгізіледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанда бензин мен дизельге тәуліктік лимит енгізіледі

ҚР Энергетика министрлігінің жарияланған бұйрығына сәйкес қосылған құн салығын ескере отырып, мынадай шекті бағалар белгіленген:

Аи-80 маркалы бензин – шетелдік азаматтарға 1 литр үшін 89 теңге;

Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – шетелдік азаматтарға 1 литр үшін 245 теңге;

Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 205 теңге;

Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін және мотоциклдерге, жеңіл, жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 205 теңге;

Қосылған құн салығын қосқанда дизель отынының құны:

Дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – шетелдік азаматтарға 1 литр үшін 315 теңге;

Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 295 теңге;

Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін және жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 295 теңге.

Өзгерістер күшіне енгеннен кейін арзан бағамен жанармай құюды қалайтын қазақстандықтар тәуліктік лимитті бақылау үшін жанармай құю бекетінде жүргізуші куәлігі мен тіркеу куәлігін ұсынуы қажет.

Бөлісу: