Астанадағы ветеринариялық зертханаларда заң бұзушылықтар анықталды
<p style="text-align: justify;">Елорда прокуратурасы ветеринариялық заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде көптеген заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, мал шаруашылығы өнімдерін сатумен айналысатын субъектілерге бақылаудың жоқтығынан, етті дұрыс тасымалдамау, қауіпті жұқпалы аурулар бойынша жоспарланған ветеринариялық іс-шаралардың орындалмауы, сондай-ақ ішкі сауда нысандарында орналасқан ветеринариялық зертханаларда заң бұзушылықтар анықталды.
«Қала бойынша ветеринарлық-санитарлық бақылаудан өтпеген мал өнімдерін сатумен айналысатын жүзден астам бақылаусыз субъектілер бар. Барлық зертханаларда ветеринариялық-санитариялық жағдайды бұзу фактілері анықталып, кейбір зертханаларда ветеринариялық-санитариялық қорытындысыз іс-шаралар жүргізілді.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке, ал мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды», деп хабарлады прокуратура.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті