Таным
1 мин оқу 160

«Аяқкиім сатылады... Киілмеген»

<p style="text-align: justify;">Хемингуэйдің ең қысқа әңгімесі барша әлем оқыр&shy;манына мәлім: &laquo;For sale: baby shoes, never worn&raquo; (&laquo;Балаларға арналған аяқкиім сатылады. Киіл&shy;ме&shy;ген&raquo;). Бір уақыттарда жазушы өзі жазған барлық шығар&shy;мадан басып озатын алты сөзден тұратын жан тербетерлік әңгіме жазып шығам деп дос&shy;тарымен бәстеседі. Ақырында сол бәсте ұтып шығып, әрқайсысынан 10 доллардан қағып алады.</p>

«Аяқкиім сатылады... Киілмеген»

Ал ақиқатына келсек, Хэм ағай­дың жазушылық мансабының басталуы­на дейін америкалық газеттерде балалар аяқ­киі­мі немесе арба туралы осындай хабарландырулар жиі шығатын болған. Мұндай хабарландырулар туралы түрлі ав­тор­­лар мақала жазып, оларды «қыс­қа әңгімелер» деп атады. Ал Хе­мингуэйдікі делінетін бұл әңгіме тек 1990 жылдары баспасөз беттерінде пайда болды. Хэм ағай аяқ­киім туралы әңгіменің негізін қайдан алғанын болжай беріңіз...

Ал кейде әдебиет май­тал­ман­дарының бір ауыз сө­зінде бір ғасырдың шындығы жатуы мүмкін.

Бөлісу: