Аймақтар
1 мин оқу 390
Қонаев қаласында граната жарылып, екі полицей жарақат алды
<p>Қонаев қаласында оқу-жаттығу кезінде граната жарылған. Оқиға салдарынан екі полиция қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

БАҚ беттерінде оқу-жаттығу барысында қызметкерлердің бірі граната лақтырып, соның салдарынан екі полиция қызметкерінің жараланғаны туралы ақпарат тарады.
Аталған жағдайға байланысты Алматы облысының Полиция департаменті мәлімдеме жасады.
- Оқу полигонында жаттығу сабақтары кезінде жарық-шу гранатасы пайдаланылып, облыстық департаменттің екі қызметкері дене жарақатын алғанын хабарлаймыз. Нәтижесінде олардың біреуі қалалық ауруханаға жатқызылды - деп хабарлайды Алматы облысының Полиция департаментінен.
Бөлісу:
