Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен кетті
<p style="text-align: justify;">Абзал Әбдікәрімов Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен кетті. Бұл туралы ол Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Абзал Әбдікәрімов 1987 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 2010 жылы «KAAD and K» ЖШС менеджмент және маркетинг бөлімінің бастығы болып бастады.
2012-2013 жылдары - «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС инвестициялық жобалар департаментінің менеджері;
2013-2014 жылдары - «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ инвестициялық жобалар бөлімінің бас маманы;
2014-2015 жылдары - «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ инвестициялық жобалар департаментінің директоры;
2015-2016 жылдары - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ кәсіпкерлік және инновациялар департаментінің жоба жетекшісі;
2016-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі;
2017-2018 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Өңірлерді талдау және бағалау департаменті директорының орынбасары;
2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау департаментін басқарды.
2019-2022 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы;
2022 жылғы 13 қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі болып қызмет атқарды.
