Оқиға
1 мин оқу 180

Алматыда лифтіде әйелді ұрған ер адам ұсталды

<p style="text-align: justify;">Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінде ер адам куәгерлердің көзінше лифт алдында әйелді соққыға жыққан, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда лифтіде әйелді ұрған ер адам ұсталды

Алматы полиция департаменті ұрып-соғу фактісі бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

«Әйел адамды ұруға қатысты іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Ол міндетті түрде жауапқа тартылады. Бұл ретте әйелдің алған жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберіледі», деп түсіндірді Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Бөлісу:
Алматыда лифтіде әйелді ұрған ер адам ұсталды · Egemen Qazaqstan