Ауа райы
1 мин оқу 231
Алдағы үш күнде елімізде үсік жүреді
<div class="description" style="text-align: justify;">Синоптиктер Қазақстан тұрғындарын 21 мамыр мен 23 мамыр аралығында қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </div>

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы жалғасады.
«Атмосфералық фронттардың әсерінен барлық дерлік аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр мен бұршақ жауып, екпінді жел соғады, тек кей күндері ғана жоғары қысымның әсерінен жауын-шашын тоқтап -2°C аяз болады», делінген хабарламада.
Ал оңтүстік-батыс ағындары, болжам бойынша, мамыр айының климаты шегінде күндізгі температураның жылынуын тудырады. Мәселен, батыс және оңтүстік аймақтарда ауа температурасы +18+28°С дейін көтерілсе, солтүстік, орталық, шығыс облыстарда +15+23°С дейін көтеріледі. Тек 23 мамырда еліміздің қиыр солтүстігінде +7+15°С дейін төмендейді.
Бөлісу:
