Спорт
1 мин оқу 93

Тұрғындарға тегін үстел теннисі

<p style="text-align: justify;">Ақтауда айына бір рет тұрғындар арасында үстел теннисінен қа&shy;лалық лига ойындары өтеді. Тұр&shy;ғын&shy;дарға бұл мүм&shy;кін&shy;дікті &laquo;mustafa-rim&raquo; спорт және өнер мектебі ұсынды.</p>

Тұрғындарға тегін үстел теннисі

Аталған спорт және өнер мектебінің ди­рек­торы Рау­шан Ис­лам­ғалиева үстел теннисімен мек­теп кезінен бері айналысып келеді. 2018-2020 жылдар аралығында Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан үстел теннисі федерациясының төрайымының міндетін атқарушы болып жұмыс істеген.

«Мектеп кезінен бері үс­тел тен­нисімен айналысамын. Ол кезде үстел болмаса да, теннисті қабырғаға соғып ой­найтынмын. Басқа салада жұ­мыс істегенмен, қаладағы үс­тел теннисін дамытқым келді. Осы мақсатта «mustafa-rim» спорт және өнер мектебін аштым. Қала тұрғындары мен әуесқой теннисшілер арасында үстел теннисінен айына бір рет тегін Ақтау қалалық лига ойындарын бастадым, қала тұрғындарына арналған бірнеше жеңілдіктер бар», деді «mustafa-rim» спорт және өнер мектебінің директоры Раушан Исламғалиева.

Спорт және өнер мектебінде үстел теннисі, ұлттық би, зама­науи және фитнес тобы бар. Қа­зіргі таңда үстел теннисіне 30 спортшы қатысады, 5 спортшы спорт шеберіне үміткер. Зейнет­керлер мен мемлекеттік қыз­мет­керлер үшін де тегін ойындар қарастырылған.

Маңғыстау облысы 

Бөлісу:
Тұрғындарға тегін үстел теннисі · Egemen Qazaqstan