Жаңаөзенде балабақша есепшісі жеке шотына 30 млн аударған
<p style="text-align: justify;">Жаңаөзен қаласы прокуратурасы екі мемлекеттік балабақша есепшісінің бюджет қаражатын жымқырып келгенін анықтады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Есепші өзінің жеке шотына жалпы сомасы 30 млн теңгені заңсыз аударған.
«Аталған факті бойынша қала прокуратурасы қылмыстық істі тіркеді. Айыпталушыға Жаңаөзен қалалық сотының 15.03.2024 үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағымен 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалып, осы кодекстің 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза шартты деп саналды», делінген қалалық прокуратура хабарламасында.
Айта кетейік, жымқырылған 30 млн теңге толығымен мемлекетке қайтарылды.
