Туризм
1 мин оқу 150
Ел азаматтары Оманға тікелей рейс арқылы ұша алады
<p style="text-align: justify;">Қазақстан азаматтары Оманға тікелей рейспен ұша алады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Биылғы 18 маусымнан бастап «Salam Air» Оман әуекомпаниясы Алматы – Маскат бағыты бойынша әуе қатынасын қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Рейстер сыйымдылығы 180-230 орындық «Эйрбас-А320/А321» үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рет (сейсенбі және жұма күндері) орындалады», делінген хабарламада.
Әуе қатынасын қалпына келтіру екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Бөлісу: