Таным
1 мин оқу 102

Жапонша «жіліктелген» роман

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қысқалық &ndash; талант&shy;тың шыңы&raquo; деген ұлы А.Чеховтың пікірін толық қолдайтын ұлт&shy;тың бірі &ndash; жапондар. Оның дәлелі 1986 жылы Жапонияда &laquo;Жылаған гүлдер мен қайғырған тал&shy;дар. Солтүстік Еуро&shy;падағы қанды шай&shy;қастардың соңғы күлі&raquo; деген атаумен орыстың әйгілі романы жарық көрді. Кітап көлемі &ndash; небәрі 150-ақ бет.</p>

Жапонша «жіліктелген» роман

Пышақтың қырындай ғана болатын жұп-жұқа кітаптың түп­нұсқа авторы – Лев Толстой, ал тәржімаланған туынды «Соғыс және бейбітшілік» болатын. Иә, иә, жаңсақ оқыған жоқсыз. Толстойдың әйгілі алып романы бар-жоғы жүз елу беттің айналасына жүйеленген. Ал тақырыбы ше? Одан романтизм тұнған жапон табиғатына тән лириканың лебі есіп тұр.

Аудармашы Мори Тай түп­нұсқада «көп нәрсе» ар­тық жазылғандығын алға тартып, шығарманы «аздап» қыс­қар­ту туралы батыл шешім қа­был­дады. Шығармашылық иесі романдағы қанды қырғынды барынша қысқартып, есесіне махаббат желісін жандандырған. Тәржімашының тәптіштеп түсіндіргеніндей, «Солтүстік Еуропа» – Ресей болса, «Қанды шайқас» – Наполеон шапқыншылығы. Ал «Жылаған гүлдер мен қайғырған талдар» оқырманына алдын ала айтулы туындыда қанды шайқас емес, керісінше сыршылдық пен драмалық бояудың қанық болатындығынан хабар береді. Осылайша, орыстың әйгілі романы әп-сәтте жапондық сипат алып шыға келді. Міне, сөйтіп, ХІХ ғасырда Күншығыс халқы алғаш рет «Соғыс және бейбітшілікпен» осылай та­нысқан болатын.

Жалпы, бұған аса мән бе­ріп, қатты таңырқаудың қа­жеті де жоқ секілді. Себебі мұн­дай тәжірибе кез келген ұлттың әдеби аудармасында кез­деседі. Алысқа бармай-ақ төл әде­бие­тіміздің айналасынан іздеп көр­сек, Абайға айналып соға­рымыз сөзсіз. Қазақтың бас ақы­нының шы­ғармашылығында да «ық­шамдап» аударып, ұлтқа қа­же­тін талғап талдау тә­жіри­бесі мол. Бір ғана Александр Пуш­­­кин­нен тәржімалаған хакім із­денісі соның айқын айғағы болса керек.

Бөлісу:
Жапонша «жіліктелген» роман · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар