Туризм
1 мин оқу 90

Астанадан Прагаға қатынайтын әуе рейстері қайта жанданды

<p style="text-align: justify;">Scat әуекомпаниясы Астанадан Прагаға рейстерді қайта бастады. Бұл туралы елордалық әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астанадан Прагаға қатынайтын әуе рейстері қайта жанданды

Алғашқы рейс бүгін, 22 мамырда болады. Рейстер аптасына 2 рет сәрсенбі және сенбі күндері Boeing-737 ұшағында орындалады.

Астанадан ұшу сағат 08:20-да орындалса, Прагаға қону уақыты сағат 11:25-те (жергілікті уақыт). Прагадан ұшу - 12:15, Астанаға қону - 20:10.

«Бұл көптен күткен бағыт елорда мен Қазақстан тұрғындарына Чехияның әдемі астанасына, сондай-ақ Чехия тұрғындарына әлемнің жас астаналарының бірі - Астананы көруге мүмкіндік береді. SCAT авиакомпаниясына әлемдегі ең әдемі қалалардың бірі - Праганы көрудің бірегей мүмкіндігі үшін алғыс айтамыз», деп атап өтті әуежайда.

Бөлісу:
Астанадан Прагаға қатынайтын әуе рейстері қайта жанданды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар