Білім
1 мин оқу 180

ҰБТ-ға тіркелу мерзімі ұзартылды

<p style="text-align: justify;">Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-ға тіркеу мерзімі ұзартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ҰБТ-ға тіркелу мерзімі ұзартылды

«Негізгі ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіріп үлгермеген талапкерлердің пікірін ескере отырып, ертең, 22 мамырда сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін тестілеуге тіркелу базасы барлық тест тапсырушылар үшін ашық болады. Өз мүмкіндігіңізді өткізіп алмаңыз. Іске сәт!», деп жазды Саясат Нұрбек  Telegram парақшасында.

Сондай-ақ өтініш беруге үлгермеген тестілеушілер тек app.testcenter.kz сайтында қолжетімді күндерге тіркеле алатыны хабарланды. Бұл екі рет өтініш берген үміткерлер үшін қолжетімсіз.

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Бөлісу: