Қоғам
1 мин оқу 130
Астанада сот орындаушысы 1 жыл бойы алимент ақшасын жымқырған
<p style="text-align: justify;">Астана қаласы Нұра ауданының прокуратурасы 1 жыл бойы өзге балаға төленген алимент ақшасын өз баласының шотына аударып келген сот орындаушысының ісін әшкереледі, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астана қаласының тұрғыны алимент борышын өндіріп алу үшін сот орындаушысының қызметіне жүгінген. Алайда сот орындаушысы борышкер төлеген қаржыны өз қалтасына басқан.
Нұра ауданының прокуратурасы сот орындаушысының үсітінен 1 млн теңгеден астам ақшаны жымқыру және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін қозғалған қылмыстық істі сотқа жолдады.
Бөлісу:
