Жарнама
 
Оқиға
1 мин оқу 210

Алаяқтар Қонаев қаласы әкімінің атынан хабарламалар таратқан

<p style="text-align: justify;">WhatsApp мессенджерінде Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіхановтың атынан алаяқтардан ақпарат таралып жатыр. Әкімдік азаматтарды қырағы болуға шақырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Алаяқтар Қонаев қаласы әкімінің атынан хабарламалар таратқан

«Бүгін Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіхановтың атынан бәзбіреулер WhatsApp желісінде хабарламалар таратып жатқаны анықталды. Мұндай хабарларды интернет-алаяқтар жібереді. Қонаев қаласы тұрғындарынан жалған ақпаратқа сеніп, бейтаныс нөмірге ақша жібермеулерін және жолданған сілтемелерге өтпеуін сұраймыз! Сақ болыңыздар!», деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ елде алаяқтар сот орындаушысы ретінде көрініп, азаматтардан қарызды қайтаруды талап ететін алаяқтық фактілері, ҰҚК қызметкерлерінің атын жамылған телефон алаяқтарымен байланысты оқиғалар жиілеп кетті.

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Бөлісу:
Алаяқтар Қонаев қаласы әкімінің атынан хабарламалар таратқан · Egemen Qazaqstan