Спорт
1 мин оқу 173

Астанада мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті

<p style="text-align: justify;">2024 жылғы 24 мамырда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР-ның дене шынықтыру және спортты дамыту тұжырымдамасын іске асыру, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуын мерекелеу және бұқаралық спорт түрлерін дәріптеу шеңберінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері арасында спартакиада өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Астана қаласы&nbsp; МКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Астанада мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті

Салтанатты іс-шараға ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасарлары Бақытжан Слямов, Сейілжан Ахметов, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қанат Балтабеков қатысты.

Биыл спартакиадаға 8 команда құрамында 200-ден астам мемлекеттік қызметші қатысты. Жарыс спорттың 4 түрінен өтті: шағын футбол, волейбол, шахмат және киберспорт.

Спартакиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

Шағын футбол: І орын – Мемлекеттік кірістер комитеті, ІІ орын - Астана қаласы бойынша МКД, ІІІ орын - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша МКД.

Волейбол: І орын – «Nur Zholy Customs Service» ЖШС, ІІ орын - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша МКД, ІІІ орын – Ақмола облысы бойынша МКД.

Шахмат: І орын - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша МКД, ІІ орын - бас диспетчерлік басқарма, ІІІ орын - Мемлекеттік кірістер комитеті.

Киберспорт Counter-Strike: І орын - Мемлекеттік кірістер комитеті, ІІ орын –Астана қаласы бойынша МКД, ІІІ орын - БДБ.

Dota2: І орын –«Nur Zholy Customs Service» ЖШС, ІІ орын - Астана қаласы бойынша МКД, ІІІ орын – Мемлекеттік кірістер комитеті.

Іс-шара соңында команда жеңімпаздары дипломдармен, кубоктармен және медальдармен марапатталды.

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Бөлісу:
Астанада мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті · Egemen Qazaqstan