Қостанайда 12 млн теңге жымқырған шенділер сотталды
<p style="text-align: justify;">Қостанайда дизель отынына және теміржол кранын жөндеуге бөлінген қаражатты талан-таражға салған ҚТЖ-ның лауазымды қызметкерлері сотталды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Олар жалпы көлемі 12 млн теңгеге залал келтірген.
Бейімбет Майлин ауданының соты «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалының Қостанай пайдалану локомотив депосының бастығы А.Махмутовқа, оның орынбасары Ж.Сырмановқа, жылу технигі Б.Серікұлына және «Қазақстан-ОЭК» СҮ» ЖШС Тобыл станциясының отын қоймасының бастығы К.Елюсиновқа қатысты үкімін жариялады.
Махмұтов, Сырманов, Елюсинов 3 жылдан 4 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылса, Серікұлы 3 жылға бас бостандығынан шектелді.
Сондай-ақ айыпталушылар өмір бойы мемлекеттік жұмыста қызмет атқару құқығынан айырылады.
