Елімізде көлік құралдарын тексерудің бірыңғай операторы ауысты
<p style="text-align: justify;">Қазақстанда автокөліктер мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізетін бірыңғай ақпараттық жүйенің жаңа операторы бекітілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Көлік министрлігі «Жол жүрісі туралы» заңға өзгеріс енгізіп, «ҚазАвтоЖол» АҚ бірыңғай инспекция операторы болып бекітілді.
- «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы автокөлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторы болып белгіленсін, - делінген құжатта.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамына бұл жүйені «ҚазАвтоЖол» балансына өткізгенге дейін жүргізуді жалғастыру тапсырылды.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті
